Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Кайырлы кун! Мен сиздердин кызметкерлериниз Журтекина Камилага жалоб жасагым келеди. Сиздерге звондаймын унеми, кызметкерлериниз казакша тил билмейди. Дореки жауап береди, неге олай.? Канша рет звондадым кызметкер "сиз" деп сойлесуди билмейди. Мен частичное погашение и расторжения договора жонинде толык малимет ала алмай жургениме 10 кун болды. Ай сайын жасаган толемдеримнин узиндисин алуга отиниш тастаганмын, оганда жауап жок. Неге кызметтериниз булай? Мен кызылорда каласында турамын. Журтекина Камилага тиисти шара корулеринизди сураймын!
Жауап
Сәлеметсіз бе, Нұрханым!
Келтірілген ыңғайсыз жағдай үшін кешірім сұраймыз. Қызметкер өз жұмысына қатысты ескерту алды, сонымен қатар менеджерлермен тиісті жұмыс жүргізілді.
2020 жылғы 30 қарашада сіздің электрондық поштаңызға сіздің төлемдеріңіз және бар берешегіңіз бойынша барлық ақпарат жіберілді.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалаумагалейкум Болатхан Айтқожанұлы. Біз Алматы қаласы ЖК Восточка 11 үйден пәтер алған болатынбыз, пәтерді қабылдап ал дейді бирак көп жері толық бітпеген, бітпей калган болса кімнен талап етеміз? Менеджер ге хабарлассак прораб номерін береді прорабка хабарлассак разнорабочие номерін береді жауапты адам барма ол жерде? Стенада кабель көрінеді, плитага арналған разеткасы жок, лампочка
Жауап
Қайырлы күн, Дәулет!
"Восточка" ТК № 11 тұрғын үйде сатып алушылар тізімінде сіздің болмауыңызға байланысты біз ақаулар мен ескертулердің фактісін анықтауға мүмкіндік жоқ болып отыр. Соған байланысты сіздің жеке поштаңызға кері байланыс үшін сұраныс жіберілді. Ескертулер мен ақаулар фактілері анықталған жағдайда Қоғам және құрылыс салушы жою фактісі бойынша барлық шараларды қабылдайтын болады.Хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
саламатсыз ба, 2020 жылы 09 қарашада Ақтау қаласы 32А-5-131 мекенжайы бойынша үйімді келесі арендаторға көшіру барысымен сделка жасадық. Енді бұрыңғы төленген ақшаны жаңа арендатор Самрұқ-Қазынаға аударды ғой, сол сумманың маған тиесілі бөлігі қанша уақыт ішінде счетыма түседі? Алдын-ала рахмет
Жауап
Қайырлы күн, Жадыра!
Талап ету құқықтарын басқаға беру бойынша үш жақты шарттың 2.2.1- тармағына сәйкес, Жалға беруші Құқтарды басқаға беру шарты уәкілетті органда тіркелген сәттен бастап 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде, 1-ші Жалға алушы ұсынған деректемелерге төлемді төлейтін болады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Қайырлы күн! Жилой комплекс «Асыл Арман» (Вторичная реализация) 12.11.2020ж күнгі конкурсқа өтінім берген едім. Енді түсінбегенім алдын ала қандай сумма төлеу керек. Айта аласыздар ма? жалғыз басты ана ретінде қандай жеңілдіктер бар?
Жауап
Қайырлы күн, Алмагуль!
2020 жылғы 18 қарашада біздің сайтта «Асыл Арман» ТА орналасқан тұрғын үй-жайларды қайта бөлу бойынша конкурс нәтижелері орналастырылған, конкурс нәтижелерімен https://skcn.kz/ru/news/rezultaty/569 сілтемесі бойынша таныса аласыз.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Мен қазіргі уақытта үйді сатып құтылғым келіп отыр сендерден, осы Самрұқтан. Қайдан жолықтым сендерге. Енді офис неге жұмыс жасамай тұр Ақтау қаласы??? Дистанционна емес, постоянно қаусап тұрадығо, адамы жооқ
Жауап
Сәлеметсіз бе, Ардақ!
Төлем қабілетсіздігі жағдайында, Қоғамның ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес, Жалға алушы жалдау шартын бұзу туралы өтініш жаза алады, содан кейін пәтер интернет арқылы конкурс өткізу жолымен қайталама сатылуға жатады.
Бекітілген Үй-жайларды өткізу ережелері мен тәртібіне сәйкес Қоғам қайталама өткізу рәсімін жүзеге асыруы тиіс, яғни интернет арқылы пәтерді қайталама сатуға конкурс өткізілетін болады. Өтінімді бірінші болып берген Өтініш беруші пәтерге құқықты басқаға беру шартын жасасуға басым құқыққа ие болады. Бұл ретте, Жалға алушының Өтініш берушіден кепілдік және жалдау төлемдерін төлеу бойынша шеккен шығыстар сомасын алуға құқығы бар.
Конкурс бойынша Өтініш беруші болмаған жағдайда, Жалға алушы Құқықты басқаға беру шартын жасасу үшін өз үміткерін ұсынуға құқылы.
Толық ақпарат алу үшін, мына телефон нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады: +7 (7172) 57 55 11. -
Саламатсыз. 3ай берген көмектеріңнің түрлері, отсрочка қылып, декбарьге дейін төлей алмаса, пеня жүреді дит,рас па сол? Сосын неге біз налог төлеу керекпіз, как квартиранты тұрып жатырмыз. Сосын 2020басында счетчиктерге пломб қойылмай жарты жылдай жүрдіңдер, қойылатын кезде сертификатты біреулерге тегін, біреулерге 3000 теңгеге саттыңдар Ақтау қаласы, Жанар деген әйел. Сертификатты тегін алғандар, счетчиктің номерлері сәйкес келгендер, документері дұрыс деп. Номерлері сәйкес келмей, документтері дұрыс еместер. Сендерғо берген документті, үйді барып көрсетесіңдер, неге дұрыс бермей, өздерің ошибка жасап, ол ошибканы халық төлеу керек. Слишком салғырт жұмыс жасайды офиске келгендер. Асель деген қыз отырды, нестеп отырғанын өзі білема вообще, не үшін отырғанын???? Сонымен 10% түсірмейтін болыпсыңдар, как будто элитный дом сатып отырғандай, ең болмаса есіктерін дұрыс салмайсыңдарма??? Көмекке мұқтаж жандарға деп халыққа арнайы бағытпен салынған үйлерді, көкке көтеріп сатып отырсыңдар ұшыртып,халықтың ондай ақшасы болса сендердің үйлеріңді алмайдығо. Бағасы сұмдық, жұмыстарың нашар. Қалай ұйықтайсыңдар жалпы сендер???
Жауап
Қайырлы күн, Ардақ!
Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты, Қоғам жалға алушыларға 2020 жылғы 16 наурыздан 16 тамызға дейінгі кезеңге жалдау төлемдерін төлеу бойынша мерзімін ұзартуды ұсынды. Көрсетілген кезең үшін есептелген жалдау төлемдері өсімпұл мен айыппұл санкцияларын есептемей, сондай-ақ шарттарда көзделген кепілдік төлемнен есептен шығарусыз 2020 жылғы 25 желтоқсанға дейін төленуге тиіс. Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы «Нұрлы Жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. «Сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі мен тұрғын үй-жайдың құны Қоғамның ҚР Ұлттық Қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты қайтару қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді.
Жәнеде, № 5, 6, 7, 8, 9, 10 үйлерінде электр энергиясы бойынша барлық есептеу құралдары пломбаланған.Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!
-
Сәлеметсіздерме. Шымкент қаласы ЖК Адия ТҰ де судың мәселесі күрделі болып кетті. Жергілікті водоканал үйге кіргізген труба дұрыс орнатылмаған деп отыр. Трубаларды ауыстырыңдар дейді. Ол қыруар ақша ғой. 3,4,5 этажға су көтерілмей катель бұзылып қалмасын деп отырмыз. Мәселені шешіп берсеңіздер. Жауап күтем! Алдын ала Рахмет
Жауап
Сәлеметсіз бе, Жадыра!
Сыртқы инженерлік желілерге қызмет көрсету Шымкент қаласының коммуналдық қызметтерінің жауапкершілік аймағында екенін назарға ала отырып, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ «Шымкент қаласы әкімінің аппараты» ММ-не судың баяу қысымы жағдайын шешуге көмек көрсету туралы қолдаухатты (24.11.2020 жылғы шығыс №11-2 / 5020) жолдады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсызба курметти Болаткаен мырза. Мен Актау каласынан хабарласыб отрмыз. Сизге бир отинишим бар еди уйим жок сатыб алуга еш мумкиндигим жок первоначальный толейтин ешкандай акшам жок патер жалдаб туратын едим. Маган кредит сиякты айсайын толеб отыратындай уй бересизба. Жумыс жасаймын 70мын айлык аламын.
Жауап
Қайырлы күн, Майрамгүл!
Сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй сатып алуға үміткерлерге қойылатын талаптар:1) төлем қабілеттілігі;
2) соңғы 3 жылда жеке тұрғын үйінің болмауы.
Өкінішке орай, Сіз төлем қабілеттілігіне қойылатын талаптар бойынша өте алмайсыз.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізбе Болат мырза. Мен 2бөлмелі үйімді анамның туған апасының атына өткізгім келеді. Ешқандай ақшасын талап етпей, өзім тұрмысқа басқа қалаға шыққалы жатырмын, анам өзенде тұратын кісі еді. Апамның жақында 18ге толған ұлы бар,жалғызбасты. Өз атында мүлкі жоқ, тек тұрақты жұмысы бар адам, ай сайын уақытында төлей алады. Сол осы үйімді ешқандай төлем сұрамай тек нағашы аапамның атына өткізсем, ол кісілерде ақша құймай, менің төлеп келген арендныйым мен гарантинийімді осы кісілерге өткізсеңіз. Тек переоформление жасап берсеңіз. Оқығанымдай бұл кісілердің атында соңғы 3жылда дүние-мүлік тіркелмеген. Өз баспаналарына қол жеткізе алмай келе жатқан адамдар. Жол сілтеп жіберсеңіз, Алла жар болсын сізге.
Жауап
Қайырлы күн, Жұлдыз!
Жалдау шартының талаптарына сәйкес, Сіз келісімшартты бұзу туралы өтініш жаза аласыз. Содан кейін сіздің пәтеріңіз «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның үй-жайларды өткізудің ішкі қағидаларына сәйкес конкурс өткізу арқылы қайталама сатылуға жатады. Бұл конкурсқа осы өңірде жеке баспанасы жоқ кез келген ҚР азаматы қатыса алады.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Сәлеметсіз бе? 2011 жылдан бастап үй кезегінде тұрмын. Бастапқы жарнасыз екі бөлмелі үй алғымыз келеді. Қалай тез алуға болады?
Жауап
Қайырлы күн, Жансая!
Бүгінгі таңда Ақтөбе қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің "skcn.kz" сайтымызда («мәзір» бөлігінде) орналастырылатын болады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!