Тұрғын үй кешендерінің құрылысына инвестиция салу
Қоғам Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй құрылысы объектілерін салу саласындағы инвестициялық қызметті жүзеге асырады. Бүгінгі таңда Қоғам Астана, Алматы, Тараз, Қонаев, Өскемен, Атырау, Көкшетау және Ақсу қалаларында тұрғын үй кешендерін салуға инвестиция салуда.
Мақсаты-Қазақстан Республикасының құрылыс секторын дамыту және ел халқының тұрғын үй жағдайларын жақсарту.
Негізгі міндеттер:
- тұрғын үйдің жайлылығы мен қолжетімділігін арттыру, қалалық ортаның сапасын жақсарту;
- тұрғын үй және азаматтық мақсаттағы объектілердің бәсекеге қабілетті құрылысын қалыптастыру;
- құрылыс үшін бұрын іске қосылмаған жер учаскелерін шаруашылық айналымға тарту, құрылысқа арналған жер учаскелерін пайдалану тиімділігін арттыру;
- құрылыс саласы мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың қоршаған ортаға теріс әсерін азайту.
Күтілетін нәтижелер:
- құрылыс кешеніндегі жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру;
- тұрғын үй құрылысы саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру ұзақтығын қысқарту және сапасын арттыру;
- тұрғын үй құрылысында бәсекелестікті дамыту;
- инвестициялық-құрылыс жобаларын іске асыру кезінде тәуекелдерді азайту.