Компания тарихы

«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы (бұрын – «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, бұдан әрі - Қоғам) «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №265 қаулысына сәйкес құрылды.

2009

«Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамы (бұрын – «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, бұдан әрі - Қоғам) «Жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №265 қаулысына сәйкес құрылды.

Қоғам Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің тіркеу органдарында 2009 жылғы 19 наурызда тіркелді. Қоғамның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» АҚ-на (Жалғыз акционер) тиесілі.

2010

Қоғам өз қызметін құрылыс объектілеріндегі тұрғын және тұрғын емес үй-жайларды сатып алу, көрсетілген мүлікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қарашадағы №1085 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің экономикасы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспарын (бұдан әрі - Бірлескен іс-қимыл жоспары) іске асыру шеңберінде бастады.

2011

2011 жылы Қоғам жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға, атап айтқанда үлескерлердің проблемаларын шешуге және құрылыстың проблемалық объектілерін аяқтауға жәрдемдесуге бағытталған дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде өз қызметін жалғастырды.

2012

2012 жылдан бастап Қоғам өз ресурстарын кейіннен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 қарашадағы №767 қаулысымен бекітілген Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына кірген «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасын іске асыруға жұмсады.

2014

2014 жылы Қоғам өзінің алғашқы 5 жылдығын атап өтті. Сол жылы компанияның ұзақ мерзімді құнын арттыруға бағытталған жаңа Даму стратегиясы бекітілді. Сондай-ақ, көрсетілген жылы «Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасы аясында өтінімдерді электронды қабылдау арқылы халыққа тұрғын үй сату бойынша іс-шаралар басталды.

2016

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ үшін 2016 жыл серпінді жыл болды. Қоғам «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын жүзеге асыру операторларының бірі болып белгіленді.

2018

2018 жылы 2018-2028 жылдарға арналған даму стратегиясы бекітілді, оның шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры мемлекеттік бағдарламалар операторының функцияларынан «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы үшін құрылыс пен жылжымайтын мүлікті басқару саласында қызмет көрсетуге көшті. Осыған байланысты, 2019 жылғы 1 наурызда «Самұрық- Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ның мемлекеттік қайта тіркелуі жүргізілді: атауы, заңды мекенжайы өзгертілді, қызмет түрлері толықтырылды. Жаңа атауы – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам).

2020

Қоғам құрылысқа инвестициялау шарттарын жасасу арқылы, оның ішінде ескі тұрғын үйді жаңарту шеңберінде тұрғын үй кешендерін салу жөніндегі инвестициялық жобаларды іске асыруды жүзеге асыра отырып, инвестициялық қызметті кеңейтті.

2022

Қоғамды дамытудың 2022-2031 жылдарға арналған жаңа стратегиясы бекітілді, онда ресурстарды, сенімді серіктестердің кең ауқымын, құрылыс пен құрылыс саласына инвестициялық қызмет үшін құзыреттер мен тәжірибелерді, жобалар мен жылжымайтын мүлікті тиімді басқаруды ескере отырып, қызметтің жаңа түрлері көзделген. Сондай-ақ құрылыс материалдарын өндіру бойынша импортты алмастыру шеңберінде "Астана қаласында шатыр және қаптау материалдарын өндіру зауыты" жобасын іске асыру басталды.

2023

"Жайлы мектеп" пилоттық ұлттық жобасының Қазақстанда баламасы жоқ ауқымды жобаны іске асыру шеңберінде Қоғам Дирекция ретінде айқындалды. Қоғам Тапсырыс беруші және жобаларды басқару функциялары жүктелген.

"Түркістан бу-газ қондырғысы" ЖШС "Samruk-Kazyna Construction"АҚ 100% сенімгерлік басқаруға берілді.

"Karabatan Utility Solutions" ЖШС-мен сенімгерлік басқару шарты бұзылды

"Самұрық-Қазына Девелопмент" ЖШС 100% үлестік қатысуымен "Samruk-Kazyna Construction" АҚ еншілес ұйымына айналды

2024

2024 жылғы 16 мамырдан бастап "Түркістан ПМУ"ЖШС-мен сенімгерлік басқару шарты бұзылды

2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап "жайлы мектеп"ұлттық жобасы бойынша 26 мектеп ашылды

2024 жылғы 30 қыркүйектен бастап "Түркістан ПМУ"ЖШС-мен сенімгерлік басқару шарты жасалды

Стратегиялық тиімділік

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

жоспарға % - бен

2022 жылға қарай % - бен

 

 

жоспар

факт

Өндірістік көрсеткіштер

1

Жылжымайтын мүлікті пайдалануға беру, мың шаршы метр

8,18

150,65

95,42

82,00

86%

54%

2

Сатылған жылжымайтын мүлік, мың шаршы метр

29,07

99,1

142,15

96,66

68%

98%

Қаржылық көрсеткіштер

 3

Таза табыс, млн теңге

9 786,1

5 284

12 033

7 437

62%

141%

4

ROACE, %

8,08%

5,29%

10,47%

7,04%

67%

133%

5

Қарыз / Капитал, коэффициент

1,54

1,13

0,75

0,76

101%

67%

6

NAV, млн теңге

65 343

70 612

78 268

77 891

100%

110%

ДИВИДЕНДТІК САЯСАТ

«Самұрық-Қазына» АҚ-ның Дивидендтік саясаты дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Қорға тиесілі еншілес ұйымдарға қатысты әзірленді және Қорға тиесілі акциялар пакеттеріне немесе қатысу үлестеріне дивидендтер төлеу мәселелерін реттейді. Дивидендтердің мөлшері туралы шешімді Жалғыз акционер қабылдайды.

ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қоғамның жарғылық капиталы 19 990 162 мың теңгені құрады.

Қоғамның 100% акциясы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға (Жалғыз акционер) тиесілі. Жарияланған және орналастырылған акциялардың жалпы саны - 16 247 541 дана, оның ішінде:

  • Бір акцияның номиналды құны 1 000 теңге - 15 000 000 дана;
  • Бір акцияның номиналды құны 4 000 теңге - 1 247 540 дана;
  • Бір акцияның номиналды құны 2 490 теңге - 1 дана.

Барлық акциялар жай акциялар болып табылады.

Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімін «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ жүргізеді. 

Төрағасының блогы