Кешенді құрылыс (қалалардың келбетін өзгерту, оның ішінде тұралап қалған нысандар құрылысын аяқтау)
Қоғам өзінің жер учаскесінде кешенді тұрғын үй шағын ауданынының құрылысын жоспарлап отыр. Қоғам мен "Энергоинформ" ЖШС арасында жасалған мүлікті беру шартына сәйкес, Қоғам 2020 жылының желтоқсанында Астана қаласында жалпы ауданы 27,8 га алты жер учаскесін меншікке алды. Сонымен қатар, Қоғам орта мерзімді перспективада кешенді шағын аудандардың құрылысын басқа учаскелерде де жүргізуді қарастырып отыр.
Осы жер учаскесінде Қоғам функциялар, процестер, жоспарлау шешімдері бір жерге тоғысқан, тұрғын үй құрылысы қоғамдық нысандарды тұрғызу, абаттандыру және көгалдандырумен бір уақытта жүргізуді көздейтін аумақтың кешенді құрылысын жүзеге асыруды көздейді.
Мақсат – тұрғын үй ықшам аудандарының кешенді құрылысы (толыққанды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету) мен тұралап қалған нысандардың құрылысын аяқтау арқылы халықтың өмірі үшін жайлы орта қалыптастыру.
Негізгі міндеттер:
- тоқтатылған нысандардың құрылысын аяқтау арқылы қала сәулетін жақсарту;
- халықтың өмір сүруінің жайлылық деңгейін арттыру;
- құрылыстың өзге де өзекті мәселелерін шешу (инфрақұрылым құрылысы).
Болжалды нәтижелер:
- жаңа тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту және баспана қорын жаңарту;
- салынған аумақтарды кешенді дамыту, жайлы қалалық ортаны қалыптастыру, жаңа тұрғын үй және басқа да нысандарды, инвестициялық ресурстар есебінен әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамыту;
- жұмысты ынталандырудың нормативтік құқықтық негізін қалыптастыру;
- бағдарламаға енген аумақтарды ұзақ мерзімді перспективада кешенді және тұрақты дамыту, тұрғын үй қорын күтіп-ұстауға, жөндеу мен қайта құруға арналған шығындарды азайту.