Мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесу

Қоғам мүдделі тараптармен құрмет пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген өзара іс-қимылдың тиімді жүйесін құруға ұмтылады.  

Қоғам стейкхолдерлердің үлесі мен олардың мүдделерін сипаттай отырып, өз қызметі процесінде өзара іс-қимылды жүзеге асыратын стейкхолдерлердің толық тізбесін белгілейді. Мүдделі тараптардың маңыздылығын бағалау кезінде стейкхолдерлердің Қоғам үшін екі фактор бойынша (мүдделі тараптың Қоғамға әсер ету күші және стейкхолдерлердің қоғам қызметіне мүдделілік дәрежесі) маңыздылығына қарай саралау жүргізіледі.

Қоғамның мүдделі тараптары (стейкхолдерлері) Қоғамның тұрғын үй жайларын сатып алушылар мен жалға алушылар, Қоғам қызметкерлері, Жалғыз акционер мен Директорлар кеңесі, еншілес және тәуелді ұйымдар, бас мердігерлер мен құрылыс салушылар, тапсырыс берушілер, жергілікті атқарушы органдар мен мемлекеттік органдар, қаржы институттары, бұқаралық ақпарат құралдары және әлеуметтік желілерді пайдаланушылар болып табылады. Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл қағидаттары мен рәсімдерін Мінез-құлық кодексі, Тұрақты даму саясаты және  Стейкхолдерлер картасы қалыптастырады.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ стейкхолдерлер картасы 2024

Контрагенттердің мінез-құлық Кодексі

Төрағасының блогы