Тәуекелдерді басқару жүйесі

Құжаттама

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесін дамытудың корпоративтік басқару жүйесінің негізгі құрамдасы ретіндегі маңыздылығын түсінеді. Аталған жүйе Қоғамның стратегиялық және операциялық мақсаттарына қол жеткізуге теріс әсер етуі мүмкін әлеуетті тәуекел оқиғаларды уақтылы сәйкестендіруге, бағалауға, мониторингтеуге және төмендетуге бағытталады.

Қоғам тәуекел-менеджменттің озық халықаралық тәжірибелеріне сәйкес тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмысты тұрақты негізде жүргізеді. 2019 жылғы қарашада Қоғамның директорлар Кеңесі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылаудың өзектендірілген саясатын бекітті, ол тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін ұйымдастырудың қағидаттары мен тәсілдерін, ішкі бақылауды ұйымдастыруға және бақылау рәсімдерін жүргізуге қойылатын талаптарды, тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесіне қатысушылардың Қоғамның тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау саласындағы рөлдерін бөлуді көрсететін құжат болып табылады.

Қоғамдағы тәуекелдерді басқару процестерін жетілдіру мақсатында «Samruk – Kazyna Construction» АҚ тәуекелдерді басқарудың корпоративтік жүйесін дамытудың 2019-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспары бекітілді.

Қоғам қызметті жүргізудің тәуекелге бағдарланған мәдениетін дамытуға мүдделі. Қоғамдағы тәуекел-мәдениет оның барлық қызметкерлерін тәуекелдерді басқару процесіне тарту жолымен, сондай-ақ Қоғамның Директорлар кеңесі, Басқармасы және қызметкерлері арасында үнемі ақпарат алмасу арқылы дамиды.

Жаңадан қабылданған қызметкерлер, тәуекел-үйлестірушілер, тәуекел иелері үшін сыртқы ұйымдарды тарта отырып, сондай-ақ Қоғамның тәуекелдерді басқару қызметінің өз күшімен тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау саласындағы корпоративтік семинарлар тұрақты түрде ұйымдастырылады.

Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету, құрылымдық бөлімшелер арасында тәуекел-коммуникацияны жақсарту үшін Қоғам Басқармасы жанында Тәуекелдерді басқару комитеті жұмыс істейді, оның құзыретіне мәселелерді алдын ала қарау, оның ішінде Қоғамның тәуекелдерін басқару жөніндегі ішкі нормативтік құжаттарды, тәуекелдер тіркелімін, тәуекелдер картасын, тәуекелдер мен бақылаулардың матрицаларын, тәуекел-тәбетті, әрбір тәуекел мен лимиттер бойынша төзімділік деңгейлерін, түйінді тәуекел көрсеткіштерін бекіту кіреді.

Қоғамда Қоғам Басқармасы мен Директорлар кеңесі үшін тәуекелдер бойынша тұрақты есептілік енгізілді. Бұл ретте тәуекелдер бойынша есептерде ашылатын тәуекелдер туралы ақпараттың мазмұны Қоғамның Директорлар кеңесі мен Басқармасын тәуекелдердің ағымдағы жай-күйі және қабылданатын ден қою шаралары, бақылау ортасындағы өзгерістер, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау процесіндегі елеулі ауытқулар, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылауды жетілдіру бойынша іске асырылатын шаралар туралы мәліметтермен қамтамасыз етеді.

Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың корпоративтік жүйесін жетілдіру қажет бағыттарды анықтау үшін, Қоғамның Ішкі аудит қызметі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау саясатына сәйкес тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылау жүйесінің тиімділігін бағалауды жыл сайын жүргізеді.

Төрағасының блогы