Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Асалламу Аликым жк шугыладан кватира следушей выкупым аренда жайлы кватира алу ушин кай жерге жолыксак болады казирги танда биреудин уйын жалга алып отырмыз озимизге калатындай баспана болса демиз от басымызда 7 адамбыз
Жауап
Қайырлы күн, Жаксылык!
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің "skcn.kz" сайтымызда («мәзір» бөлімінде) орналастырылатын болады.
Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Восточка» ТК-де «Тікелей сату» бағыты бойынша жылжымайтын мүлік өткізілуде. Аталған кешендегі жылжымайтын мүлікті екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға алуға болады. Сату бөлімінің мекенжайы: Абай көшесі, 150/230-үй, (Ислам Кәрімов көшесінің қиылысы) Гауһартас ТК, 10-блок, 859-кеңсе, тел.: 8 700 350 8888, 8 700 350 9999.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Қайырлы күн Болаткан Айткожанович, Сізге бір өтініш, ай сайынғы төлемдерді (аренда, мүлік салығын) kaspi.kz арқылы төлем жасауға қызметін қосуға жәрдемдесуді сұраймын. Рахмет.
Жауап
Қайырлы күн, Нурлан!
Бүгінгі таңда «Kaspi Bank» АҚ-мен ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізілуде. Әзірге «Kaspi Bank» АҚ қосымшасы арқылы жалдау төлемдерін төлеу жобасын іске асыру мүмкін емес. Бірақ біз болашақта бұл жетістікке жетеміз деп үміттенеміз. Бұл туралы барлық жаңалықтар "skcn.kz." сайтымызда орналастырылады.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! Осы жылы карантин уақытында үш айдың төлемін кейінге қалдыруды ұсынған едіңіздер. Көп адамдар карантин салдарынан жұмыссыз қалды немесе айлықтары қысқартылды. Бірақ енді карантиннен кейін де жағдай қатты түзеле қойған жоқ. Төленбеген үш айдың жалдау ақысын 2020 жылдың желтоқсан айына дейін төлеп бітіру қиынға соғуда. Осы мәселеге байланысты өзгерістер болады ма?
Жауап
Қайырлы күн, Жумат!
Аталған тұрғын үй кешенінің құрылысы "Нұрлы Жер"мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғын үй-жайды "сатып алу құқығымен жалға алу" тетігі ҚР Ұлттық қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты Қоғамның қайтаруы қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді. Осыған байланысты, өкінішке орай, қарызды кейінге қалдыру бойынша негізгі шартқа өзгерістер енгізу мүмкін емес.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Салматсызба? Актобе каласында мененджерлериниздин телефоны барма?
Жауап
Қайырлы күн!
Өкінішке орай, Ақтөбе қаласында біздің өкіліміз жоқ. Барлық сұрақтар бойынша бас офистегі менеджерлерімізге келесі:
Жылжымайтын мүлікті өткізу бойынша жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша +7(7172)57-55-11 телефоны, info@fnsk.kz арқылы;
Жалдау төлемдері бойынша жеке тұлғалардың өтінімдері бойынша +7(7172) 55-90-04 телефоны, «Юнис Сити» ТК объектісі бойынша менеджер Байсақова Әселге (поштасы a.baisakova@fnsk.kz); «Батыс Премиум» ТК объектісі бойынша менеджер Жүртекина Қамиляға ( поштасы: k.zhurtekina@fnsk.kz) жүгінуге болады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсызба менде мынадай сурак, договор расторжение жасап, уйди баска адамга оформить етейин деп адам тапптым, осы уакытка дейин толеген акшамды есептеп сатуга койдым, уйди алатын адам бар, енди осы уакытка толеген акшам бари озиме кайтарылама???
Жауап
Сәлеметсіз бе, Жазира!
Бұл жағдайда сіз жалдау шартын бұзу туралы өтініш жазуыңыз керек.
Жылжымайтын мүлікті өткізудің бекітілген ережесі мен тәртібіне сәйкес Қоғам қайталама өткізу рәсімін жүзеге асыруы тиіс, яғни пәтерді интернет арқылы қайталама өткізуге конкурс өткізілетін болады.
Өтінімді бірінші болып берген өтініш беруші пәтерге құқықты басқаға беру шартын жасасуға басым құқыққа ие болады. Бұл ретте, Жалға алушының Өтінім берушіден кепілдік және жалдау төлемдерін төлеу бойынша шеккен шығыстар сомасын алуға құқығы бар. Конкурс бойынша Өтінім беруші болмаған жағдайда, Жалға алушы құқықты басқаға беру шартын жасасу үшін өз үміткерін ұсынуға құқылы.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсизбе,Кымбатты Болаткан Айткожанұлы! Мен Коп балалы Анамын.Еки балам мугедек.Озим даригермин.Пәтер жалдап турамыз Казыргы уакытта кызым оте ауыр жагдайда.Кислородта аппаратпен демалуда.Кунине бирнеше рет ауа жетиспейди.Сизге Аналык Отинишим бар еди.Асыл Арман Уй кешенинен ай сайын толепм отыруга пәтер алуга комек беринзши.Алла разы болсын!!!
Жауап
Қайырлы күн, Венера!
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің "skcn.kz" сайтымызда («мәзір» бөлімінде) орналастырылатын болады.
Сондай-ақ Алматы қаласындағы «Восточка» ТК-де «Тікелей сату» бағыты бойынша жылжымайтын мүлік өткізілуде. Аталған кешендегі жылжымайтын мүлікті екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекаға алуға болады. Сату бөлімінің мекенжайы: Абай көшесі, 150/230-үй, (Ислам Кәрімов көшесінің қиылысы) Гауһартас ТК, 10-блок, 859-кеңсе, тел.: 8 700 350 8888, 8 700 350 9999.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Саламатсызба! Мен Кызылорда каласы, Демесинов 77В кошеси тургынымын. Осы уйлерди алганда 3 жылга шейн патер ишине ремонт жасамау керек емеспа? Стенасын ауыстырып дегендей? Демесинов 77 В 60 патер 2 апта болды тарсылдатып ремонт.барып кордим кладовка болмесинин стенасын алып бузып жатыр екен. Лоджия жагын да бузып жатыр мен оз козиммен кордим. Ремонт жасаганымен турмай менин уйме кум тусип жатыр тарсылынан. Балкон лоджия жактан. Су ол кетирди тобемнен. Оларга кандай шара колданасыз? Ким кадагалайды? Алде акшасын берип шешип кете береди ма? Ондай болатын болса договорда несине корсетилген?
Жауап
Сәлеметсіз бе, Забира!
№60 пәтердің жалгеріне тиісті хабарландыру жолданды. Жүгінгеніңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Одан әрі, келісім шарт талаптарына сәйкес жалға алушыға тиісті шаралар қолданылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсызба,Болаткан Айткожанович . Меним есимим Ильмира. Актау каласында 32 а мкр 6 дом 50 патерде турамын. Осы турып жаткан уйимди 1 болмелик уйге ауыстыруга комектесесизбе? Отиниш сизден. 10 уй 102 патердин егесимен Кротова Юлямен келистик. тек договорымыздагы аты жонимизиди ауыстырып жаздыртып бере аласызба? Баска ешкандай озгерис болмайды. Оз ара уйге уйди ауыстырып алгымыз келип отыр. Алла разы болсын сизден.
Жауап
Қайырлы күн, Ильмира!
Өкінішке орай, жалға алушылар арасында пәтер алмасу мүмкіндігі Жалдау шартында қарастырылмаған. Жалдау шартының талаптарына сәйкес Жалға алушы тек пәтерден бас тартуға және ағымдағы шартты бұзуға құқылы. Бұл ретте, «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасының шарттарына сәйкес жеке тұлғалар өздерінің тұрғын үй-жайларды, оның ішінде сатып алу құқығымен жалдау шарттарымен меншігіне сатып алу құқығын бір реттен асырмай іске асырады. Демек, сіз басқа пәтерді сатып алу үшін жаңа жалдау шартын жасай алмайсыз.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізбе.Өскемен қаласынан екі бөлмелі баспана алуға кандай акыл кенес бере аласыз. алдын ала рахмет
Жауап
Қайырлы күн, Салтанат!
2020 ж. 5-7 қазан аралығында Өскемен қ. І. Есеберлин мекенжайында орналасқан ТК-де сатып алумен жалдау тетігі арқылы сатып алуға конкурс өткізілді. Конкурс өткізу туралы 2020 ж. 25 қыркүйектегі ақпарат біздің сайтымызда орналастырылды.
Өскемен қаласында жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған.
Пәтерлердің қайталама сатылуы ғана мүмкін. Қайталама сату туралы ақпарат https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша сайтымызда орналастырылатын болады.Қызығушылық танытқан үшін сізге рахмет!
-
Құрметті Болаткан Айткожанович! Мен 05/10/2020 ж. Өскемен қалсаында І. Есенберлин ТК өткен кокурқа қатысушы ретінде конкурстың әділ өткендігіне күмәнім бар. Себебі конкурстың конкурс болған күні сағат 10.00 өтіншті басып жібердім, өтініш нәтижесі бойынша мен 10:00:00:09 басқан (яғни сағат 10.00, 0.9 мили секунд) болып тізімің ортасында орналастым. Осы орайда конкурстың әділ өткендігі күмән туғызады және де халық арасында пәтерлерді риелторлардың сатып алғандығы туралы өсек аяндар көптеп жүр. Алайда, ол өсектерге сенгім келмейді, бірақ осы жүйенің конкурсты есептеу уақыты түсініксіз болып отыр. Сондықтан, Сізден конкурстың әділ өткендігін тексеруіңізді өтінемін,
Жауап
Қайырлы күн, Ербол!
Қоғам тұрғын үйді сатуды Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2018 жылғы 31 шілдедегі № 540 бұйрығына сәйкес сату ережелері мен тәртібіне сәйкес жүргізеді. Конкурс электронды ұтыс ойыны арқылы «dom.fnsk.kz» порталында өткізіледі, қосымша бағдарламалар орнату жолымен нәтижелерге әсер ету мүмкін емес. Қоғам риэлторлық және/немесе консалтингтік компаниялармен шарттық міндеттемелері жоқ және ақшалай баламада консультациялық қызметтер үшін комиссия алмайтыны туралы бұрын хабарлаған болатын. Тұрғын үйлерді өткізу жөнінде консультация алу үшін байланыс деректері: +7 (778) 808 8804, +7 (701) 270 90 96 немесе электрондық пошта: info@fnsk.kz.
Үшінші тұлғалар тарапынан заңсыз әрекеттердің барлық жағдайлары туралы келесі телефон нөмірлері: +7(7172) 57-01-98, +7 (7172) 55-90-09 немесе келесі электрондық пошта арқылы: info@fnsk.kz Қоғамның Қауіпсіздік департаментіне хабарлауыңызды сұраймыз.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!