"Samruk-Kazyna Construction" АҚ қоршаған ортаға барынша ұқыпты қарау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қағидаттарын сақтауға ұмтылады, қоршаған ортаға жағымсыз әсерлердің алдын алуға ықпал етеді, қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдайды, экологиялық таза және энергия үнемдейтін технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдеседі.
Еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау саласындағы саясатқа сәйкес Қоғам осы саладағы барлық қолданыстағы нормалар мен стандарттарды сақтайды және бұл аспектіні қоғамның табысты дамуының маңызды шарты деп санайды.
Қоғам жұмысшылардың денсаулығына, еңбек жағдайларына және жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Қоғам жұмыс орнында қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырылған жұмыс жүргізуде:
- жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша міндетті нұсқау беру және білімдерін тексеру жолымен өндірістік процестер бойынша оқыту жүргізіледі, нұсқама өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау тақырыптары бойынша бірінші кезекте жаңадан қабылданған жұмыскерлер үшін жүргізіледі;
- әкімшілік ғимараттың кеңсе үй-жайларында жабдықтар мен инженерлік желілерге, жұмысшылардың жұмыс орындарында компьютерлер мен кеңсе жабдықтарына регламенттелген профилактикалық жөндеу жүргізіледі.