Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру
Білім беру саласындағы «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы апатты мектептерді, үш ауысымдық оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жоюға бағытталған.
Мақсатқа жету үшін екі негізгі міндетті орындау көзделіп отыр:
- Қалалар мен ауылдық елді мекендерде оқушы орындарының қазіргі және болжамды тапшылығын жою үшін 2026 жылға дейін кемінде 740 мың (екі ауысымды оқыту кезінде) жаңа оқушы орнын пайдалануға беру;
- Ұлттық жоба шеңберінде қолданысқа тапсырылатын мектептерде жайлы және қауіпсіз білім беру ортасын құру.
Үкімет Қаулысына сәйкес, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ ұлттық жобаны іске асыру аясында орта білім беру ұйымдары нысандарының нысаналы құрылысы жөніндегі Дирекция ретінде айқындалды.
Қаулыда Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің бірлесіп әзірлеген тапсырмасына сәйкес «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасын іске асыру жөніндегі үйлестіруші - дирекция "Samruk-Kazyna Construction" акционерлік қоғамы 300, 600, 900, 1 200, 1 500, 2 000, 2 500 білім алушыға арналған орта білім беру ұйымдарын жобалауды жүзеге асырылатыны жазылған.
Сондай-ақ, Қаулыға сәйкес жаңа орта білім беру ұйымдары нысандарының құрылысы тапсырыс беруші функциясын атқаратын Дирекция арқылы жүзеге асырылатын болады.
Оны іске асыру келесіні көздейді:
- жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабы 1-тармағы 15-тармақшасына және 36-бабы 1-тармағына сәйкес ұлттық жобаны іске асыру аясында орта білім беру нысандарының құрылысы кезеңіне Дирекцияға жер учаскесін уақытша өтеусіз пайдалануға беруді;
- мектеп құрылысы жоспарланған жер учаскесіне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тарту мүмкіндігін;
- орта білім беру ұйымдарының жаңа нысандарын салуға, «дайын күйде» жаңа оқушы орындарын қолданысқа беруге байланысты тауарлар мен көрсетілетін қызмет түрлерін сатып алуды көздейді.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Дирекцияға келесі жауапкершілік жүктелген:
- ұлттық жобаның бірыңғай стандарты бойынша қайта қолдануға жарамды, мемлекеттік сараптама ұйымының ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысын алған 37 жобалық-сметалық құжаттаманы (5 климаттық/сейсмикалық аймақтар үшін мектептердің 6 түрі бойынша, бір климаттық/сейсмикалық аймақ үшін 2500 оқушы орнына шақталған 1 мектеп түрі бойынша, 6 жеке жоба) әзірлеу, жобаларды жергілікті жерге байланыстыру арқылы қайта қолдану;
- ұлттық жобаны іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындау;
- салынып жатқан/салынған нысандардың ұлттық жобаның және жобалау тапсырмасы талаптарына сәйкес келуі;
- ұлттық жоба шеңберінде жаңа оқушы орындарын қолданысқа тапсыру жоспарын сақтау;
- ұлттық жобаны іске асыру бойынша ұсынылатын ақпарат пен құжаттаманың дұрыс және толық болуы.
Бұдан басқа, Дирекция Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 3 ақпандағы №71 бұйрығымен бекітілген сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жобаны басқаруды жүзеге асырады.