Инвестициялық кезеңде тұрған "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобына кіретін компаниялардың жылжымайтын мүлігін, еншілес ұйымдарын және үлестері мен акцияларын басқару – жобалау және құрылыс

«Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС еншілес компаниясы

Құжаттама

«Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС 2013 жылғы 20 наурызда «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» ҚР Заңы шеңберінде жоғары коммерциялық құрамдас бөлігі бар «жасыл» және экотехнологияларды қолдана отырып, жылжымайтын мүлік объектілерін салу жөніндегі жобаларды іске асыру және Астана қаласында ЭСКПО-2017 өткізуге дайындық мақсатында құрылды.

         2019 жылғы сәуірден бастап «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС объектілер құрылысын техникалық қадағалау және жобаларды басқару бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асырады.

         «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС қатысушыларының құрамының өзгеруіне байланысты 2023 жылғы 04 мамырда қайта тіркеу жүргізілді. Қатысушылар құрамы: «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (100%).

         «Самұрық-Қазына Девелопмент» ЖШС мынадай аккредиттеулер мен сәйкестік сертификаттарына ие:

         Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару құқығына № KZ91VWC00140480 аккредиттеу туралы куәлік 2023 жылғы 20 қаңтарда 2 жыл мерзімге алынды.

         - ISO 9001-2016, ISO 45001-2019, техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілерде техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыруға тікелей қатысты, (ЭҚЖЖ кодтары: 71.12.1, 71.12.7), 2021ж. 14.04. сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы жобаларды басқару (ЭҚЖЖ коды: 71.11.2) №KZ сәйкестік сертификаты 7500831.07.03.02998 2021 ж. 14.04. «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау менеджменті» №KZ.7500831.07.03.02997. «Сапа менеджменті».

 

Аяқталған жобалар:

  1. «СК Девелопмент» ЖШС «BI Corporation» ЖШС-мен бірлесіп «Жасыл» «Жасыл орам» технологияларын қолдана отырып, тұрғын үй құрылысын дамыту жобасы іске асырылды.

2018 жылы «Жасыл орам» жобасының құрылысы аяқталды. Жоба 10 тұрғын үйден, 3 коммерциялық блоктан және жер үсті паркингі орналасқан подиумнан тұрады. «Жасыл орам» жобасының архитектуралық тұжырымдамасын Британдық AHR компаниясы әзірледі. Тұжырымдамада инновациялық жасыл технологияларды қолдану көзделген – «Жасыл орам» объектісінің ғимараттары LEED (Leadership in Energy and Environmental Design) стандарттарына сәйкестігіне сертификатталған. Аумақта іргелес аумақтың ландшафты дизайны, көркем көл, жүгіру және велосипед жолдары бар саябақ, фитнес-клуб, сауықтыру орталығы құрылды. Т4 және Т5 бизнес-орталықтарында «Самұрық-Қазына» АҚ бас кеңселері және оның еншілес ұйымдарының көпшілігі орналасқан.

 

  1. Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым объектілерінің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру (Қарабатан және теңіз учаскелері). Сыртқы электрмен жабдықтау».

Тапсырыс беруші: «Karabatan Utility Solutions» ЖШС

Бас мердігер: «АСПМК-519» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2019 жылғы маусым - 2019 жылғы шілде

Желінің ұзындығы: ВЛ 220 кВ – 82 512,99 м., КЛ 110 кВ – 420 м.

 

  1. Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының алаңішілік автожолының құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру (Қарабатан учаскесі).

Тапсырыс беруші: «Karabatan Utility Solutions» ЖШС

Бас мердігер: «РАД-Стройкомплект» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2018 жылғы шілде - 2019 жылғы шілде

Жолдың ұзындығы: 2,5 км.

 

 

  1. Атырау облысында «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағының инфрақұрылым объектілерінің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру (Қарабатан және Теңіз учаскелері).

- ГТЭС инженерлік қамтамасыз ету объектілері. Инженерлік желілер дәлізі. 1 кезек;

- Сыртқы сумен жабдықтау. 1 кезек;

- Су дайындау және ағынды суларды тазарту қондырғысы. 1 кезек.

Тапсырыс беруші: «Karabatan Utility Solutions» ЖШС

Бас мердігер: «Bazis Construction» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2019 жылғы қыркүйек - 2021 жылғы желтоқсан

 

  1. Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының 50 орындық стационары бар медициналық орталық (емхана) объектісі бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «Компания по строительству объектов» корпоративтік қоры

Бас мердігер: «СМЖ-Атамекен» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2021 жылғы қыркүйек - 2022 жылғы наурыз

Жалпы ауданы: 10 713 м2.

 

  1. Атырау қаласы, Авангард шағынауданы Орал өзенінің оң жағалау ауданы мекенжайы бойынша «Француз орамы «КТК» объектісі бойынша техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «Stream energy company» ЖШС

Бас мердігер: «BASTAU CONSTRUCTION» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2020 жылғы қараша - 2022 жылғы наурыз

Пәтерлердің жалпы ауданы: 32000 м2.

 

  1. «Нұр-Сұлтан қаласындағы Мыңжылдық аллеясындағы көппәтерлі тұрғын үй кешені, «Алматы» ауданы, А. Байтұрсынұлы, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов, К. Әзірбаев және №23-8 көшелерінің қиылысы» объектісінің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «BSK Stroy» ЖШС

Бас мердігер: «Bazis Construction» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2021 жылғы наурыз - 2022 жылғы тамыз

Жалпы ауданы - 115 981,3 м2

 

  1. Атырау облысында көпфункционалды спорт алаңдарының құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «Компания по строительству объектов» корпоративтік қоры

Бас мердігер: «СМК – Атамекен» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2022 жылғы маусым - 2022 жылғы қараша

Алаңдар саны: 4 бірлік

Спорт алаңдарының жалпы ауданы: 25 200 м2.

 

  1. «Астана қаласы, Есіл ауданы, Ұлы дала даңғылы, 8/1 учаскесі, Экспо ауданында орналасқан көппәтерлі тұрғын үй кешені» объектісіне құрылысты техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «Smart Stroy-2050» ЖШС

Бас мердігер: «Smart Story-2050» ЖШС және «ЕРЕН групп» құрамындағы консорциум

Құрылыс мерзімі: 2022 ж. мамыр - 2022 ж. желтоқсан

Жалпы ауданы: 26 387,5 м2.

 

  1. Қарақия ауданы Жетібай ауылында және Жаңаөзен қаласында спорт алаңдарының құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «Компания по строительству объектов» корпоративтік қоры

Бас мердігер: «СМК – Атамекен» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2023 жылғы ақпан - 2023 жылғы сәуір

Алаңдар саны: 21 бірлік

Спорт алаңдарының жалпы ауданы: 18 600 м2.

 

Жұмыс жасалынып жатқан жобалар:

 

  1. «350 төсекке арналған Алматы қаласындағы Ұлттық инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» объектісінің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «Компания по строительству объектов» корпоративтік қоры

Бас мердігер: «B&A Contractors SA» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2021 жылғы наурыз - 2023 жылғы желтоқсан

Жалпы ауданы: 78 216,96 м2.

 

  1. «200 төсекке арналған Астана қаласындағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» объектісінің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

 

Тапсырыс беруші: «Компания по строительству объектов» корпоративтік қоры

Бас мердігер: «MABCO Construction SA» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2021 жылғы наурыз - 2023 жылғы қыркүйек

Жалпы ауданы: 54 745,8 м2.

 

  1. «Қостанай облысы Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылы
    Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы»
    объектісінің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

 

Тапсырыс беруші: «Әулиекөл ауданы әкімдігінің Сәулет, қалақұрылысы және құрылыс бөлімі» ММ

Бас мердігер: «АмирКазСтрой» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2022 жылғы қазан - 2023 жылғы шілде

Жалпы ауданы: 1 601,4 м2.

 

  1. «Астана қаласындағы шатыр және қаптау материалдарын өндіру зауытын салу» объектісінің құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «METALFORMER» ЖШС

Бас мердігер: «ASTERA BUILD COMPANY» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2023 жылғы сәуір - 2023 жылғы желтоқсан

Жалпы ауданы: 5 551,1 м2.

 

 

  1. Жылыой ауданы Құлсары қаласында 150 орындық түзету кабинеті ғимаратының құрылысына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.

Тапсырыс беруші: «Компания по строительству объектов» корпоративтік қоры

Бас мердігер: «СМК – Атамекен» ЖШС

Құрылыс мерзімі: 2023 жылғы ақпан - 2025 жылғы қазан

Жалпы ауданы: 722,2 м2.

 

«Түркістан облысында 1000 МВт ПМУ базасында электр станциясын салу» (Негізгі алаң) объектісінің құрылыс жобасын басқару.

Тапсырыс беруші: «Түркістан БГҚ» ЖШС

Бас мердігер: Doosan Enerbility Co. Ltd құрамындағы Консорциум және «Bazis Construction» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Құрылыс мерзімі: 2023 жылғы қаңтар - 2025 жылғы желтоқсан

 

Мекен-жайы: Астана қ., Нұра ауданы, Қабанбай батыр даңғылы 47а, "Alia Park" БО, 2 қабат

Ақпараттық орталық: +7 (7172)277 860 (қабылдау бөлмесі)

info@skdev.kz

www.skdev.kz

Төрағасының блогы