Директорлар кеңесі
Сыйақы
ҚұжаттамаМемлекеттік қызметші болып табылатын және/немесе өз өкілеттігін лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асыратын Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы төленбейді. Басқарма төрағасына Директорлар кеңесіндегі жұмысы үшін сыйақы алмайды.
Осылайша, сыйақыны тәуелсіз директорлар ғана алады. Директорлар кеңесінің мүшелеріне сыйақы және өтемақы төлеу шарттары мен тәртібі Жалғыз акционердің шешімімен айқындалады.
«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесі туралы ереженің 25-бабына сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына олардың өз міндеттерін орындау кезеңінде сыйақы және (немесе) Директорлар кеңесі мүшелерінің функцияларын атқарумен байланысты шығыстар өтемі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен төленуі мүмкін.
Тәуелсіз директорларға сыйақыны және (немесе) шығыс өтемдерін төлеу тәртібі мен мөлшері Жалғыз акционердің шешімімен белгіленеді. Корпоративтік басқарудың үздік әлемдік тәжірибесіне сәйкес Қордың тәуелсіз директорларына:
- Директорлар кеңесі мүшесінің міндетін атқарғаны үшін – бекітілген сыйақы төленеді; сыйақы төлеуді Қор сәйкесінше күнтізбелік жылдың жарты жылындағы жұмыс кезеңіне барабар ақшалай түрде жарты жылда бір рет жүргізеді;
- Директорлар кеңесі комитеттерінің отырыстарына қатысқаны үшін – қосымша сыйақы төленеді, оны Қор Директорлар кеңесі жанындағы комитеттің іштей отырысы өткен күннен кейінгі айдың ішінде төлейді.
Тәуелсіз директорға сонымен қатар тәуелсіз директордың тұрғылықты жерінен тыс жердегі Директорлар кеңесінің отырысына барумен байланысты шығыстары (жолақы, пәтерақы, тәулікақы) өтеледі.