Төрағасының блогы

Сұрақ қою

Сұрақ қою
  • Сұрақ: Куралай Исканова

    Сәлеметсіз бе! Өскемен қаласындағы 2017 жылы алынған пәтерді толық сатып алу қалай жүзеге асырылады? Енпф 2600000 ала аламыз, қалған сомасы қолымызда. Телефон арқылы хабарласқанда бұл мәселені шешу бойынша қанағаттандырарлық жауап алмадым. Жауап күтемін. Рақмет!!!

    Қайырлы күн, Құралай!

    Сізге мерзімінен бұрын толық сатып алу рәсімін жүзеге асыру үшін берешек туралы анықтама беру туралы өтініш жазу қажет. Сіздің үй-жайды жалдау шартыңыз бойынша қарызды өтеуге қаражат түскеннен кейін мерзімінен бұрын толық өтеу рәсімі жүргізіліп, тұрғын үйді меншікке беру шарты жасалады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: ҚАЙРЖАН АБАЙ

    Саламатсыздарма! Менде ЕНПФ тан ақша аударылған еді, енді жана график қашан шығады?

    Қайырлы күн, Қайыржан!

    Төлемдердің жаңа кестесі жақын арада электронды файл түрінде Сіздің поштаңызға жіберіледі, ал қол қойылған данасы курьерлік поштамен сіздің мекен-жайыңызға жолданатын болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Саламатсыз ба? Мен ЖК Шығыс тұрғыны Дауетаева Гулзина Ашимхановна! Осы үйді алғанда қатты қуанып едім. Енді төбемізге квартирант келіп балалары шулап тарс гүрс тіпті жүргені естіледі, ауыр заттарды лақтырады. 230 пәтер өздері арендатор Самұрықтың рұқсатынсыз квартирасына квартирант жіберуге құқығы бар ма? Екіншіден мен заң орындарына хабарласқанымда бұл үйде шумоизоляция жоқ үйіңізге шумоизоляция жасап алыңыз деді. Осы үйге ақша төлеп отырмыз ғой. Мынау не Сұмдық әлде арендатор осындай тәртіпсіз квартиранттарды жіберуге елдің мазасын алуға құқығы бар ма?

    Сәлеметсіз бе, Гүлзина!

    Шығыс тұрғын үй кешенін «Kaontech International» ЖШС құрылыс салушы салған. Онда, «Самұрық-Қазына Construction» АҚ пәтерлерін жалдаушыларынан бөлек, үлескерлер және басқа пәтер сатып алушылар тұрады. Олар өз мүлкіне билік етуге, оның ішінде оны жалға беруге құқылы. Заң талаптарына сәйкес тұрғындар тыныштықты бұзғаны үшін оларды жауапқа тартуға болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Сауле Сейтказина

    Салеметсизбе, сиздерге хабарласу оте киын телефоны мулдем котермейсиздер, жане неге ксерокс жасайын 1 аппарат алып коймас ка, адамды ары бери сандалтып коясыз дар,

    Қайырлы күн, Сәуле!

    Қоңыраулардың көп түсуіне байланысты желі шамадан тыс жүктелуі мүмкін.

    Біз сіздің ескертулеріңізді міндетті түрде ескере отырып, жұмысымызды жақсартуға тырысамыз!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Құрметті Болатқан Айтқожанұлы! Мен ЖК Шығыс тұрғыны Дауетаева Гулзина Ашимхановн! Мен осы Шыңыста 2017 жылдан бері тұрамын аренда с выкупом 15жылға! Мен ос үйді алғанда қатты қуанған едімІ Қуанышым ұзаққа бармады! Төбемде квартиранттар бала шағасымен шулап төбемді түсірге айналды! Қаншама рет полиция шақырттым! Біріншіден бұл үйді сдавать етуге бола ма? 230 Квартира ЖК Шығыс , подьезд хозяиндары сдают! Екінші айтпағым Осы Шығыста шумоизоляция бар ма? Менің төбем жанымдағы үйдің айғай шуы балалар тарс гурс жүрісі естіледі ! Осы уйдің ақшасын төлеуден қиналмаған едім !Мынандай сапасыз үйде тұрып жүрегім ауырады! Шумоизоляция бар ма жоқ па? мына үйде? 230 квартиранттарымен заң орындары да ешнарсе істей алмай отыр өйткені уйде шумоизоляция жоқ ЖК Шығыс осылый тұрғызылған дейді Екі жылдан соң балконнан су ақты Самрукка бар,ан едім берген жауабы уақыт өтті біз ешнарсе істей алмаймыз деді! Неге осы халық сапасыз уйде тұрып жылау керек?

    Сәлеметсіз бе, Гүлзина!

    Шығыс тұрғын үй кешенін «Kaontech International» ЖШС құрылыс салушы салған. Онда, «Самұрық-Қазына Construction» АҚ пәтерлерін жалдаушыларынан бөлек, үлескерлер және басқа пәтер сатып алушылар тұрады. Олар өз мүлкіне билік етуге, оның ішінде оны жалға беруге құқылы. Тыныштықты бұзғаны үшін оларды тек қана түнде жауапқа тартуға болады. Жоба стандартты құрылыс шешімдері мен шу оқшаулағыш материалдармен қамтамасыз етілген: темірбетонды төбелер мен пәтераралық қабырғалар қалыңдығы 200 мм көбік блоктарынан, еден төсеніштерінен және қабырға гипстен тұрғызылды, сонымен қатар, таза әрлеу жасалды. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің талаптарына сәйкес, құрылыс салушы «Kaontech International» ЖШС үй пайдалануға берілген күннен бастап 2 жылға дейін жұмыстарға, материалдар мен жабдықтарға кепілдік мерзімін сақтауға міндетті. Кепілдік мерзімінің аяқталуына байланысты тұрғындар пәтерлерде жоспарлы жөндеу жұмыстарын өз бетінше жүргізеді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Биржан Ораз

    ассалаумагалейкум маган уйдин акшасын толеу кйындау болып отыр 4 балам бар Аллага шукир бтр кызым инвалид асма уйдин ай сайынгы толемин азайтып берсениздер менингайлыгым 50мын комектесинизши сауап тан кур калманыз колыныздан келедиго жауап берсениз

    Қайырлы күн, Биржан!

    Тұрғын үй кешендерінің құрылысы «Нұрлы Жер»мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылды. Тұрғын үй-жайды «сатып алу құқығымен жалға алу» тетігі ҚР Ұлттық Қоры қолжетімді тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға бөлген ақшалай қаражатты Қоғамның қайтаруы қағидаттарына сүйене отырып белгіленеді. Осыған байланысты айсайынғы жалдау төлемдерінің мөлшерін азайту мүмкін еместігін хабарлаймыз.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гаухар Окасова

    Сәлеметсіз бе? Өскемен қаласында жақын арада (2-3 тоқсан 2021 ж) эксплуатацияға берілетін тұрғын үй кешендерінде арендалық баспана бағдарламасы бойынша пәтерлер болады ма?

    Сәлеметсіз бе, Гаухар!

    Бүгінгі таңда Өскемен қаласы бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
    Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
    Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/rezultaty  сілтемесі бойынша орналастырылады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Ахад Сыздык

    Болат Айтқожанұлы! Менің 2019 жылдың 11 наурызындағы №113213905 тұрғын жайды сатып алу құқығымен жалдау шарты (ары қарай - Шарт) бойынша бүгінгі таңда enpf-otbasy.kz платформасында ақша қаражаты Сіздер ұсынған 18.02.2021 жылғы №11-3/745 анықтамада көрсетілген деректемелер бойынша аударылды. Ендігі кезекте Шартқа қосымша келісімге тұру және төлемдердің жаңа графигін алу бойынша қандай органға жүгінуге болады?

    Қайырлы күн, Ахад!

    «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дан ақшалай қаражат Сіздің шартыңыз бойынша берешекті өтеу есебіне түсті. Жақын арада Сіздің электрондық поштаңызға жаңа төлем кестесі жіберілетін болады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Гулзина Дауетаева

    Саламатсыздар ма? Сіздер неге тел көтермейсіздер! Масқара ғой мынау деген үнемі телефон алмау деген! Мына тел жауап бермейді тіпті звонок бармайды !Маған жаңа погашение керек ЕНПФ счетымдағы ақшам аударылыд деді Отбасы банк! Сондықтан жаңа погашение берулеріңізді өтінемін ! 559004 тел алмайды неге? 575511 тоже алмайды Неге?

    Қайырлы күн, Гулзина!

    Қоңыраулардың көп түсуіне байланысты желі шамадан тыс жүктелуі мүмкін.
    24.02.2021 жылы сіздің электрондық поштаңызға төлемдердің жаңа кестесі жіберілді.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!

  • Сұрақ: Айдос Қабылов

    Сәлеметсізбе Болатқан А! Қашан Өскемен қ.,Есенберлина 23 кв 99 бойынша прием докум қабылданады? 25-27 қантар аралығында конкурс болған еді.,әлі саитқа шығармады ,неге көп созылды???

    Қайырлы күн, Айдос!

    Жалға алушының Өскемен қаласы, Есенберлин даңғылы, №23 үй, № 99 пәтер мекенжайы бойынша орналасқан пәтерді жалдау шартын бұзудан бас тарту туралы өтінішіне байланысты 25.01.2021 жылдан бастап 27.01.2021 жылға дейін қабылданған № 99 үш бөлмелі пәтерді сатып алуға өтінімдері күшін жоюға жатады.

    Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!