Төрағасының блогы
Сұрақ қою
Сұрақ қою-
Саламатсызба. Ақтөбе қаласынан боламын. 2019 жылы Самрұқ-Қазына контракшн салған Батыс-2 ЖК "Премиум" үйінен пәтер алдым, бірақ қаржалай жағдайым қиындап кетті, айсайынғы төлемді төлейалмаймын. Пәтерді қайтарсам болама? Барлық төленген қаражатымды және кепілдікке салынған қаражаттарымды қайтарама? Айтып жіберінізші.
Жауап
Сәлеметсіз бе, Нүркен!
Келісім шартты мерзімінен бұрын бұзү үшін өтініш жазу қажет, ол өтінішті info@fnsk.kz электронды поштаға жібіресіз. Сіздің өтінішіңіздің негізінде, екінші рет өткізуге конкурсы жарияланады. Келісім шарт бойынша жалгер өткізу тәртібінің 4.5- бөліміне сәйкес екінші рет өткізу кезінде келешек жалгерден тұрғын жайдың құнын өтеу бойынша көтерген шығыстарын толық немесе ішінара өтеуін алуға құқылы.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Ассалаумағалейкум Болат Айтқожаұлы мен Шымкент қаласындағы ЖК "Әдия" тұрғынымын ЕНПФ-тегі зейнетақы жинағымның бір бөлігін ипотеканы бір бөлігін жабуға жұмсағым келген отыр. Осыған байланысты келісім шарт қайта түзіледіме? қарызды өтеу графигі өзгертіледіме? Егер өзгертілетін болса заң талаптарына сәйкес қанша уақытта және қалай алуға болады?
Жауап
Қайырлы күн, Бағлан!
Тұрғын үйді сатып алу құқығымен ұзақ мерзімді жалға алу шарты бойынша толық/ішінара өтеу мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін (БЗТ) пайдалана аласыз (толық ақпарат сілтеме бойынша: https://skcn.kz/kz/news/news/627). Ішінара өтеуден кеін жаңа график беріледі, ай сайынғы жалдау төлем ақысы азарады.
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! Мен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы 32 а-6 дан үй алғанмын аредный. Менің айтқым келгені үйдің сапасы енді өте нашар. Сөздің шыны төлеп отырған ақшасына тұрмайды. Стеналар қисық қисық сіз қабылдап аларда неге карамайсыз. Бұл бірінші мәселе. Екінші мәселе тазалық мүлде жоқ мен айына 3800тг ақша төлеп отырмын, бірақ соган сай ешқандай жұмыс нәтижесін көрмедім. Сол себепті ақша алғысы келеме ескертіңіз жұмыс тәртібі сақталсын.Подьезді мүлде жумайд. Мен көшіп келгеніме7 ай болт сондағы осы менің 2 ретқана көрдім. Тек қана 1 этаж жуады все. Лифт ешқандай тазалық жүргізілмейді. Лифтке жауар беретін адамдар тексерістен өткізгенде жоқ. Қазір лифтке мінуге қорқасың. Сосын электр жүйесі нашар. Балалар ойнайтын алаң тозығв жеткен өте нашар. Хотя пайдалануға 2018 берілседе. Подьездеоде жарық жоқ. Ал оны ешкім қарап жатқан жоқ.
Жауап
Қайырлы күн, Махаббат!
Сіздің өтінішіңізде қозғалған мәселелер бойынша шаралар қабылдау мақсатында "ҚАЗЭКО-ЕХРО" ЖК басқару органының мекенжайына көрсетілген мәселелер бойынша түсініктемелер беруге және шаралар қабылдауға тиісті сұрау жіберілетін болады. Бұл туралы Сізге қосымша хабарланады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсызба мен Қызылорда қаласы, Демесинов 77в, 6 пәтердің қарызын толық өтеу үшін Нұрсұлтан қаласына барып 01.03.2021 жылы қолма қол арыз жаздым, ешқандай жауап жоқ. Оның алдында жазған арызым бойынша қарыз сомасын қате есептеген болатын. Енді График погашение бойынша төлей береміз бе. Сіздердің телефондарыңызды ешкім көтермейді, нақты мәлімет ала алмаймыз.
Жауап
Қайырлы күн, Нұрлан !
Сіздің сұрау салуыңыз бойынша жұмыс жүргізілуде. Бар берешек туралы түзетілген анықтама жақын арада Сіздің электрондық поштаңызға жіберілетін болады. Туындаған жағдай үшін кешірім сұраймыз.
Әзірше төлемдерді кәзіргі төлем кестесі бойынша төлеуіңіз қажет.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Салеметсіздер ме! Менің сіздерге қояр сұрағым Самурық қазына мен баспанаға қалай қол жеткізуге болады. Және де ол ушін Өскемен қаласында қай мекенжайына баруымыз қажет. Белгілі бір бағдарламамен жұмыс жасайсыздар ма? Ол қандай бағдарлама? Үйге алғашқы жарнамыз бар.
Жауап
Қайырлы күн, Кенжегүл!
Бүгінгі таңда ҚР бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үйлерді бөлу аяқталды.
Жаңа объектілердің құрылысы жоспарланбаған. Жалға алушылар сатып алу құқығымен жалдау шартын бұзған жағдайда, жылжымайтын мүлікті қайталама сату ғана мүмкін болады.
Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/ru/news/ сілтемесі бойынша орналастырылады.Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Саламатсыздарма мен 01.03.2021 жылы Қызылорда қаласы, Демесино 77в, 6 пәтердің қарызын толық өтеу туралы арыз жазған болатынмын. Жауабы қашан болады. Бұған дейінгі жазған арызым бойынша қарыз көлемін қате есептеген болатын. Сондықтан жұмыстарыңызға жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын.
Жауап
Қайырлы күн, Нұрлан!
Сіздің сұрауыңыз бойынша жұмыс жүргізілуде. Біздің менеджерлер мүмкіндігінше қысқа мерзімде жазбаша жауап береді. Қазіргі жағдай үшін кешірім сұраймыз және менеджеріміздің жұмысына қатысты тиісті шаралар қабылдаймыз.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсіз бе! Болаткан Айткожанович мен Гульмира Батиева Шымкент қаласындағы ЖК «Әдия» 979/15 кв 80тұрғын үйінің тұрғынымын. Біз сіздерге яғни келісім шарттағы номерге ЕНПФ тен, Отбасы банкі арқылы қаржы аудардық, яғни сіздерден енді қарызымыздың ай сайынғы төлемінің шегерілген графигін қашан жібересіздер. Біз фин бөлімшелеріңізге де и fnsk.почталарыңызғада жазып звандап сұрап жатырмыз жауап беру қиынба? не тел көтермейді фин бөлімшелеріңіз, не почтаға жауап жазбайды қызметкерлеріңіз жаңа графикті шығарып беруіңізді сұранамын.
Жауап
Қайырлы күн, Гульмира!
Сіздің ақшаңыз түсті. 26.03.2021 ж. Сіздің Жалдау шартыңыз бойынша берешекті ішінара өтеу жүргізілді. Жаңа төлем кестесі жақын арада Сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі. Қол қойылған данасы Сіздің тұрғылықты мекенжайыңызға курьерлік пошта арқылы жіберіледі.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!
-
Кеш жарық қалай заявка берсем болады
Жауап
Қайырлы күн, Жазира!
Конкурсқа қатысуға өтінім беру үшін https://dom.fnsk.kz порталында тіркеле аласыз. Сондай-ақ, осы сайтта нұсқаулық бар, онда жүйені іске қосу үшін үшінші тарап қосымшаларын қалай орнатуға болатындығы көрсетілген. Жылжымайтын мүлікті қайталама сату туралы ақпарат біздің сайтымызда https://skcn.kz/kz/news/obyavleniya сілтемесі бойынша орналастырылады.
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!
-
Салематсыз ба . Самурык Казынадан уи алган адамдар сатып жатырган уилерден пенсионныи фондтагы акшама Самуырык Казынадан менин уи сатып алуыма бола ма.
Жауап
Қайырлы күн, Гүлфайруз!
Егер Сіз тұрғын үй бағдарламалары мен дағдарысқа қарсы бағдарламалар аясында сатып алу құқығымен жалдау шартын Қоғаммен жасасқан болсаңыз, онда Сіз зейнетақы жинақтары есебінен жалдау төлемдерін ішінара немесе толық төлей аласыз.
Қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет!
-
Сәлеметсізбе! Болат Айтқожанұлы, мен Шымкент қаласындағы ЖК "Әдия" тұрғын үйінің 979/15 кв 80 тұрғыны Батиева Гульмира Камаловна боламын, менің сұрағым сізге бағыталады біз ЕНПФ тен Отбасы банк арқылы ақша аударған болатынбыз, енді келісім шарт, график өзгертілеме? яғни аударылған сумманы пәтер бағасынан кемітілген графикты қашан біздің почтаға қызметкерлеріңіз жолдайды, яғни финбөлімше қоңырауымызға жауап бермейді, не занят болады не трубка көтермейді, қызметкерлеріңізе почта арқылыда шықты жауап жоқ міне 15күн болды. Келісім шарт пен графиктың жаңа нұсқасын өзікізден күтемін! Үлкен рақмет құлақ түріп тыңдағаныңызға.
Жауап
Қайырлы күн, Гульмира!
Төлемдердің жаңа кестесі жақын арада электронды файл түрінде Сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі, ал қол қойылған данасы курьерлік поштамен сіздің мекен-жайыңызға жолданатын болады.
Бізге хабарласқаныңыз үшін рахмет!