АЙМАНБЕТОВ МӘУЛЕН ЗАРЛЫҚҰЛЫ
Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Басқарма Төрағасы
Сайланған күні: 05 мамыр 2023 жыл
Қайта сайланған күні: 6 наурыз 2024 жыл
Директорлар Кеңесінің Мүшесі, Басқарма Төрағасы
Сайланған күні: 05 мамыр 2023 жыл
Қайта сайланған күні: 6 наурыз 2024 жыл
Отбасылық жағдайы:
- Үйленген
- Балалар: төртеу
Білім:
Өскемен жол құрылысы институты (күндізгі оқу бөлімі), Алматылық жалпы техникалық факультеті, автомобиль жолдарының инженер-құрылысшысы (1983-1990 жж.);
Қазақ ұлттық аграрлық университеті (сырттай), ғалым агроном (2000-2002 жж.);
Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университеті (сырттай), экономист (2000-2002 жж.);
«Халықаралық бизнес академиясы» ОҒҚ (модульдік оқыту), менеджмент, Іскерлік әкімшілендіру магистрі (2011-2013 жж.).
Жұмыс тәжірибесі:
- 05.05.2023 ж. бастап қазіргі уақытқа дейін "Samruk-Kazyna Construction"АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды;
- 02.03.2022 ж. бастап – қазіргі уақытқа дейін – «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма Төрағасы;
- 22.08.2022 ж. бастап – қазіргі уақытқа дейін – «Объектілер құрылысы компаниясы» корпоративтік қорының Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы;
- 09.2020 - 03.2022 жж. – Шымкент қаласы әкімінің орынбасары. Құрылыс, энергетика және инфрақұрылымдық даму, сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары, жайлы қалалық ортаны дамыту басқармасына және төтенше жағдайлар департаментіне жетекшілік ету;
- 06.2014 - 09.2020 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімінің меңгерушісі. ҚР ПІБ объектілерін жобалау және салу және теңгерімге беру;
- 02.2014 - 05.2014 жж. – Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының күрделі құрылыс бөлімі меңгерушісінің орынбасары. ҚР ПІБ объектілерінің құрылысы;
Наградалар:
«Құрмет» орденімен (2017 ж.) және «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл» (2021 ж.) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.
Компанияның, Компанияның тауар жеткізушілері мен бәсекелестерінің акцияларына иелік етпейді.