Түркістан қаласындағы Амфитеатр
2019 жылғы 9 желтоқсанда объект пайдалануға берілді.
2020 жылғы 4 наурызда объектіні Түркістан қаласының коммуналдық меншігіне сыйға тарту шарты жасалды.
2020 жылғы 4 мамырда Түркістан қаласы әкімдігінің жылжымайтын мүлікке құқығы тіркелді.
Амфитеатр Байбұрт және Тәуке Хан көшелерінің арасында, Түркістан қаласының орталық бөлігінде, тарихи орталықта, ЮНЭСКО күзететін Қожа Ахмет Яссауи мешітінің қорық аймағына тікелей жақын жерде, ауданы 0,55 га жер учаскесінде орналасқан.
Құрылыс ауданы – 2 241 м2. Ғимараттың жалпы ауданы – 3 911 м2.