"Жайлы мектеп" ұлттық жобасы: Абай облысында құрылыс қарқынды жүргізілуде
"Жайлы мектеп" ұлттық пилоттық жобасы аясында 2700 орындық 4 мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Биыл облыс орталығында "KAZ Minerals Management" ЖШС қаржысы есебінен 1200 орындық ІТ-мектеп ашылды. Балаларды қосымша біліммен қамту аясын кеңейту үшін көп салалыОқушылар сарайының құрылысы басталды. Осыжылдың тамыз айында IT және жаңа технологиялар жоғары колледжі, ал қыркүйекте Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжде "Қаражыра" АҚ қаражатына салынған 300 орындық концерт залы пайдалануға берілді.
2025 жылға дейінгі "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында облыста жалпы құны 14,8 млрд теңгені құрайтын 65 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысанының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 64 нысан биыл, біреуі 2025 жылы пайдалануға берілмек.
Медициналық қызмет облыстың ауылдарында да кеңейіп келеді. Көкпекті және Үржар аудандарында диализ орталықтары ашылды. Жыл соңына дейін Ақсуат ауылында тағы біреуін ашу жоспарлануда. Жедел жәрдем ауруханасы жасанды қан айналымаппаратымен жабдықталған. Бұл қан айналымын толық тоқтатып, ашық тұрған жүрекке операция жасауға мүмкіндік берді.
Биыл денсаулық сақтау нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2,8 млрд теңге бөлінді. Қазірдің өзінде 100 дана медициналық құрал-жабдық сатып алынды.