Түркістан облысында 2024-2025 жылдары пайдалануға берілетін 29 жайлы мектепке (22 900 орындық) 21 071 оқушы қабылданады деп жоспарланып отыр. 29 мектептің 22-сі жаңадан ашылады, 7-уі ғимараты апаттық, ескі жағдайдағы қолданыстағы мектептерге беріледі.

Білім беру ұйымдарына педагогтерді қабылдау туралы қолданыстағы нормаларға сәйкес (ҚР БҒМ №57 бұйрығы) 4 жайлы мектептің директоры тағайындалды.

Оның 3-уі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Президенттік жастар кадрлық резервінің үлгісінде білім беру саласындағы өзгерістердің көшбасшыларын іріктеу және даярлау тетігіне ұқсас әзірленген Оқу ағарту министірлігінің "Білім берудегі өзгерістің 1000 көшбасшысы" кадрлық резервінен алынды.

Қолданыстағы нормаларға сәйкес (Білім туралы" Заңның 6-бабы, 25-4) тармақшасы) білім басқармасы өз тарапынан білім беру ұйымдарын педагогикалық кадрлармен қамтамасыз ету және ұйымдастыру құқығына ие. Осыған байланысты, жайлы мектептерді педагогикалық кадрлық құраммен толық қамтамасыз ету мақсатында педагогтерді жұмысқа қабылдаудың конкурстық комиссиясы құрылды. 2024 жылдың 2 қыркүйегінде Түркістан қаласындағы алғашқы берілетін №32 мектебінің педагогтерінің 66 бос лауазымына Түркістан облысы білім басқармасының ресми сайтында конкурс жарияланып, құжат қабылдануда, нәтижесі 15 қыркүйекке дейін анықталды.

Жалпы 29 жайлы мектептің жобалық қуаттылығы 22 900 оқушы орынға негізделе отырып, 2505 педагог жұмысқа қабылдануы тиіс. Оның ішінде 1820 педагог ауысу тәртібімен, ал, 685 педагог конкурстық тәртіппен қабылданады. 29 жайлы мектепке 1011 техникалық қызметкерлер қабылданады. Қазіргі таңда, 26 техникалық қызметкер жұмыс істейді. 2024 жылдың 20 қыркүйекте Түркістан қаласындағы жобалық қуаты 2000 орындық №32 мектептің ашылуы жоспарланып отыр. Аталған мектепке №28 мектеп-лицейінен - 1000 оқушы, Ж.Тәшенов атындағы №23 ІТ мектеп-лицейінен - 200 оқушы ауысады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі ұсынған материал https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/turkstan-oblyisyinda-paydalanuga-berletn-29-jaylyi-mektepke-362519/ 
Төрағасының блогы