ШҚО-да білім бюджеті 198 млрд. теңгені немесе облыс бюджетінің 36%-ын құрайды,деп хабарлайды Altainews kz тілшісі.

 Облыстық мәслихат сессиясында аймақ басшысы атап өткендей,  бүгінде ШҚО-да 344 мектеп болса, оның 30-ы тозығы жеткен мектептер. Орта есеппен жыл сайын 10 нысанды күрделі жөндеуге және 80 білім беру нысанын ағымдағы жөндеуге 2 миллиардтан астам теңге бөлінеді.

Жыл басынан бері 287,2 млн. теңгеге жаңа үлгідегі 26 пәндік кабинет орнатылды. «Қазақстан халқына» қоры есебінен 4 ауылдық мектеп жаңғыртылуда.

 Президенттің тапсырмасы бойынша құрылған «Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры» есебінен осы  жылдың 1 қыркүйегінде Өскеменде «Нұрлы жол» шағын ауданында 600 орындық жаңа мектеп ашылды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 4 200 орындық 10 мектептің құрылысы жүргізілуде, оның ішінде 7 мектеп өткен жылы, 3 мектеп ағымдағы жылы басталған. Қосымша жергілікті бюджет есебінен 500 орындық 2 мектептің құрылысы аяқталуда»,-деп атап өтті облыс әкімі Ермек Көшербаев.

Бұдан басқа, «Казцинк» компаниясы әлеуметтік жауапкершілік шеңберінде Риддер қаласында «Шаңырақ» мектебіне арналған ғимарат салынып жатыр.

Сонымен қатар, өңірде мемлекеттік тілді дамытуға көп көңіл бөлінеді. Жастар мен ересектерді оқыту үшін 100 мемлекеттік тілді дамыту орталығын ашу жобасы іске асырылуда.

Дереккөз: https://altainews.kz/kz/oialara-sholu/sho/49786-sho-kimi-shyys-azastanda-tozyy-zhetken-mektep-almauy-tiis.html 

Төрағасының блогы