«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібі негізінде Ақтөбе қ., «Юнис Сити» ТК-де сатып алу құықығымен жалға берілетін тұрғын үй-жайды сатып алуға үміткерлер ретінде www.dom.fnsk.kz  сайтында қайта бөлуге өтінім берген Өтінім берушілерден құжаттарды қабылдау мерзімі туралы хабарлайды.

Қайталама өткізу туралы хабарландыру берілген күні

Үй  

Пәтер  

Пәтер ауданы (ш.м.)

 

Қабаты

Бөлме саны

10.05.2021

155,

корпус 7

313

39,3

8

1


Өтінім берушілердің «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның Ақтөбе қаласындағы кеңсесіне құжаттарды тапсыру қажет тізімі (қосымшаны қараңыз) қоса беріледі.

Назар аударыңыздар! Құжаттарды қарау кезінде Өтінім берушілердің құжаттары қатысуға өтінім беру барысында қалыптастырылған кезектілікке сәйкес бірінші кезекте қаралады. Егер құжаттарды тапсыру құқығына ие болған  Өтінім беруші жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібінде көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген, құжаттарды жарияланған мерзімде тапсырмаған жағдайда, онда оның кезектілігі келесі Өтінім берушіге ауысады.

Құжаттар келесі мекенжайда қабылданады: Ақтөбе қ., Шернияз к., 68-үй, Нотариус «Авжанов Ж.К.»

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ құжаттарды қабылдау кестесі:

2021 жылғы 18 мамыр сағат 10.00-ден бастап 28 мамыр сағат 18.00-ге дейін


Үзіліс: сағат 12.30-дан 14.00-ге дейін

Демалыс: сенбі, жексенбі.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

Өтінім берушілер жалдау төлемінің ең жоғары сомасын (бұдан әрі - ЖТЖС) есептеу үшін құжаттарды жинап, «Банк ЦентрКредит» АҚ-ға жүгінуі қажет. ЖТЖС есебі Банктің белгіленген тарифіне сәйкес ақылы.

«Банк Центр Кредит» АҚ бөлімшелерінің мекен-жайлары:

  • Ақтөбе қ. – Пацаев к., 6; Әлия Молдағұлова даңғ., 30-үй; Шернияз к., 45;
  • Ақтау қ. –12 ш/а;
  • Шымкент қ. – Байтұрсынов к., 20а-үй;
  • Тараз қ., Қазыбек би к., 182-үй;
  • Өскемен қ. – Максим Горький к.,19;
  • Нұр-Сұлтан – «Алматы» ауд. Бараев к., 7; «Алматы» ауд., Бараев к., 16; Тәуелсіздік, 16/1 (2 -қабат);
  • Атырау қ. – Азаттык даңғ., 2; Сәтпаев к., 8А;
  • Қарағанды қ. – Нүркен Әбдіров даңғ., 5;

ЖТЖС есептеу үшін екінші деңгейдегі банктерге (ЕДБ) ұсынылатын құжаттар тізбесі:

  1. Банк нысанына сәйкес ЖТЖС есептеуге өтініш.
  2. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің кредиттік тарихын тексеруге және Банк нысанына сәйкес кредиттік бюроның ол туралы кредиттік есепті басқа тұлғаларға беруге келісімдері.
  3. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банк нысанына сәйкес зейнетақы аударымдарын тексеруге келісімдері.
  4. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  5. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жұмыс орындарынан құжаттар беру айының алдындағы соңғы үш-алты ай ішіндегі жалақысы туралы анықтамалардың түпнұсқалары.
  6. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттарды беру айының алдындағы соңғы алты ай ішіндегі өзге де табыстарын растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері.
  7. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттарды беру айының алдындағы соңғы алты ай ішіндегі зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары.
  8. Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  9. Балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері (балалары болған жағдайда).
  10. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктердегі қарыздары бойынша міндеттемелері болған жағдайда (қарыздар бойынша міндеттемелері болмаған жағдайда, құжаттар ұсынылмайды), өтеу кестесін қоса берумен банктік қарыз шарттарының түпнұсқалары мен көшірмелері.

Жеке кәсіпкерлер мынадай құжаттарды қосымша ұсынады:

  1. Өтінім берушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  2. Патент негізінде салық салынатын кезде, патенттің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  3. Құжаттарды тапсыру айының алдындағы соңғы алты айдағы зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірменің түпнұсы.

ЖТЖС есептелгеннен кейін және банктен ресми бланкіде қол қойылған ХАБАРЛАНДЫРУ алғаннан кейін, Өтінім берушілерге Ақтөбе қ., Шернияз к., 68-үй, Нотариус «Авжанов Ж.К.» мекен-жайында орналасқан кеңсеге жүгініп, мынадай құжаттарды ұсыну қажет.

Тұрғын үй-жайларды бөлу үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға ұсынылатын құжаттар тізімі:

  1. Өтінім берушінің, тең Өтінім берушінің (-лердің) және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  2. Өтінім берушінің, тең Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, оның ішінде кәмелетке толмаған балаларының өтінім беру сәтіне дейін Қазақстан Республикасы бойынша оқшауландырылған тұрғын үй-жайларының жоқтығы, тұрғын үй-жайлармен жасалған мәмілелерінің болмағаны туралы тіркеуші органнан (ХҚКО) анықтаманың түпнұсқасы.* Тіркеуші органның оқшауланған тұрғын үй-жайдың болмауы туралы анықтамасының берілген күні нақты объектіге өтінімдер қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру бірінші жарияланған күннен ерте болмауы тиіс.
  3. Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  4. Балалардың (балалар болған жағдайда) туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері, кәмелетке толмаған балалардың ЖСН.
  5. Тұрғын үй-жай сатып алу құқығымен жалдау тетігі арқылы бөлінген жағдайда, Өтінім берушінің ЖТЖС есебімен Банктің ресми бланкісінің түпнұсқасы.
  6. Қолда бар тұрғын үйлерге құқық белгілейтін құжаттардың, тұрғын үйдің техникалық паспортының нотариалды куәландырылған көшірмелері, мекенжай анықтамасы. Егер құқық белгілейтін құжаттардың түпнұсқалары ЕДБ-да (кепілде) болған жағдайда, онда тұрғын үйге құқық белгілейтін құжаттардың, техникалық паспорттың ЕДБ куәландырған көшірмелерін, сондай-ақ құжаттардың банкте екендігі туралы ЕДБ-нің хатын ұсыну қажет.
  7. Өтінім беруші, тең Өтінім беруші (-лер) некеде тұрмайтыны туралы нотариалды расталған өтініш (егер өтініш беруші үй-жайды бөлуге өтінім-сауалнама берген сәтте некеде тұрмаса).
  8. Туыстық дәрежесін растау үшін Өтінім берушінің кәмелетке толған отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  9. Бастапқы жарна сомасын (бастапқы жарна енгізілген жағдайда) төлеу ниетін растау үшін Өтінім беруші мен отбасы мүшелерінің ақшалай қаражатының болуы туралы ЕДБ анықтамасының түпнұсқасы.
  10. Өтінім берушіден құжаттарды ұсынуға сенімхаттың түпнұсқасы (қажет болған жағдайда).

Ескертпе:

Осы қосымшаның 1, 3, 4 ,8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелері құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін Өтінім берушіге қайтарылады.

Осы Қосымшаның 10-тармағында көрсетілген Сенімхат Өтінім берушінің атынан үшінші тұлға әрекет жасаған кезде ұсынылады.

Барлық мәселелер бойынша келесі телефондарға жүгінуге болады: 8 (7172) 57-55-11,           8-701-270-90-96, 8-707-714-00-35, 8-701-288-11-66. Сату бөлімінің жұмысы бойынша өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды келесі электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: info@fnsk.kz

Төрағасының блогы