«Samruk-Kazyna Construction» АҚ жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібі негізінде «Ақтау қ., 32А шағын ауданындағы коммерциялық үй-жайлары бар 9-14-қабатты тұрғын үйлердің құрылысы» ТК-де сатып алу құықығымен жалға берілетін тұрғын үй-жайларды сатып алуға үміткерлер ретінде www.skcn.kz  сайтында қайта бөлуге өтінім берген Өтінім берушілерден құжаттар қабылдау мерзімі туралы хабарлайды.

 

Қайталама өткізу туралы хабарландыру берілген күні

Үй  

Пәтер  

Пәтер ауданы (ш.м.)

 

қабаты

Бөлме саны

03.02.2021

6

92

74,2

11

3

03.02.2021

6

6

58,2

3

2

03.02.2021

5

159

34,6

1

1

 

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға құжаттарды тапсыру қажет Өтінім берушілердің тізімі қоса беріледі.

Назар аударыңыздар! Егер құжаттарды тапсыру құқығына ие болған  Өтінім беруші жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібінде көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген, құжаттарды жарияланған мерзімде тапсырмаған жағдайда, онда оның кезектілігі келесі Өтінім берушіге ауысады.

 

Құжаттар келесі мекен-жайда қабылданады: Ақтау қ., 8-ші шағын ауданы, 39А-үй, Нотариус Аскар Л., «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның сату бөлімі. 

 «Samruk-Kazyna Construction» АҚ құжаттарды қабылдау уақыты:

2021 жылғы 23 ақпаннан бастап 2021 жылғы 01 наурызға дейін, сағат 09:30-дан бастап 18.30-ға дейін.  

Үзіліс: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі.

Тұрғын үй-жайларды бөлу үшін «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ға ұсынылатын құжаттар тізімі:

  1. Өтінім берушінің, тең Өтінім берушінің (-лердің) және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  2. Өтінім берушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің сол елді мекенде оқшауландырылған тұрғын үй-жайларының жоқтығы және Өтінім беру сәтіне дейін 3 (үш) күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үй-жайлармен жасалған мәмілелерінің болмағаны туралы Тіркеуші органнан (ХҚКО) анықтаманың түпнұсқасы.* Тіркеуші органның оқшауланған тұрғын үй-жайдың болмауы туралы анықтамасының берілген күні нақты объектіге өтінімдер қабылдаудың басталуы туралы хабарландыру бірінші жарияланған күннен ерте болмауы тиіс.
  3. Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының/зайыбының (жұбайы/зайыбы болған жағдайда) қайтыс болуы туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
  4. Балалардың (балалар болған жағдайда) туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  5. Өтінім беруші, тең Өтінім беруші (-лер) некеде тұрмайтыны туралы нотариалды расталған өтініш (егер өтініш беруші үй-жайды бөлуге өтінім-сауалнама берген сәтте некеде тұрмаса).
  6. Туыстық дәрежесін растау үшін Өтінім берушінің кәмелетке толған отбасы мүшелерінің туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  7. Бастапқы жарна сомасын (бастапқы жарна енгізілген жағдайда) төлеу ниетін растау үшін Өтінім беруші мен отбасы мүшелерінен ақшалай қаражаттың болуы туралы ЕДБ анықтамасының түпнұсқасы.
  8. Өтінім берушіден құжаттарды ұсынуға сенімхаттың түпнұсқасы (қажет болған жағдайда).

Ескертпе:

Осы қосымшаның 1, 3, 4 ,6-тармақтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелері құжаттардың түпнұсқаларымен салыстырғаннан кейін Өтінім берушіге қайтарылады.

Осы Қосымшаның 8-тармағында көрсетілген Сенімхат Өтінім берушінің атынан үшінші тұлға әрекет жасаған кезде ұсынылады.

Барлық мәселелер бойынша келесі телефондарға жүгінуге болады: 8 (7172) 575511. Сату бөлімінің жұмысы бойынша өз тілектеріңіз бен ұсыныстарыңызды келесі электрондық мекенжайға жіберулеріңізді сұраймыз: info@fnsk.kz

Төрағасының блогы