«Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі - Қоғам) Жалға алушылардың тұрғын үй-жайлардан өз еркімен бас таруына байланысты, жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібінің 4.5-бөліміне және тұрғын үй-жайларды сатып алу құқығымен жалға беру шартының 10.7-тармағына сәйкес Ақтау қ., 32 «А» шағын ауданындағы ТК-де тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы қайталама өткізу туралы хабарлайды.

Тұрғын үй кешені Ақтау қаласы, 32А ш/а, 5,6,7,8,9,10-үйлер мекен-жайында орналасқан.

Сатылатын пәтерлердің сипаттамасы

Бөлме саны бойынша пәтердің типі

Үй

Пәтер  

Пәтер ауданы (ш.м.)

 

Қабаты

Ай сайынғы жалдау төлемі (теңге)

екі   бөлмелі

5

67

49,5

8

101 301,78

үш  бөлмелі

5

74

88,4

1

180 910,65

бір  бөлмелі

5

136

38,8

7

79 404,22

үш бөлмелі

7

49

72,8

14

129 774,97

үш бөлмелі

10

5

94,5

2

193 394,30

үш бөлмелі

10

28

73,7

1

150 827,09

Пәтер сатып алуға өтінімдер Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық санаттары үшін www.dom.fnsk.kz веб-сайты арқылы қабылданады. Өтінімдерді қабылдау басталуының белгіленген мерзімінде барлық тіркелген пайдаланушылар бір мезгілде пәтер сатып алуға өтінім жіберу мүмкіндігіне ие болады. Кезектілік электрондық өтінімді қабылдау уақыты бойынша автоматты түрде қалыптастырылады. Басымдық уақыт бойынша бұрын берілген өтінімге беріледі, оған сәйкес Өтінім беруші жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша жалға берілетін тұрғын үй-жайлар бағыты бойынша «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібіне сәйкес құжаттарды Ақтау қаласы, 8-ші ш/а, 39а-үй, Нотариус Аскар Л. мекен-жайындағы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның кеңсесіне ұсынуға міндетті.

* Мүлікті күтіп-ұстау үшін төлем (коммуналдық және пайдалану қызметтері, күрделі жөндеуге жарналар, мүлікті сақтандыру, мүлік салығын төлеуге байланысты Қоғамның шығыстарын өтеу) жалдау төлемінің құрылымына кірмейді және оны Жалға алушы шартқа қол қойылған күннен бастап дербес төлейді.

Өтінімдерді қабылдаудың бірінші күні: 2021 жылдың 17 тамыз, сағат 10:00-де

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні: 2021 жылдың 19 тамыз, сағат 15:00-де

 Тұрғын үй-жайларды сатып алу шарттары

Бөлме саны бойынша пәтердің типі

Үй

Пәтер  

Алдыңғы Жалға алушыға өтелетін соманы төлеу. Жалдау төлемдері , теңге 

 

Алдыңғы Жалға алушыға өтелетін соманы төлеу. Бастапқы жарна , теңге  знос, тенге 

Кепілдік төлем , тенге

екі   бөлмелі

5

67

2 213 930,22

0

506 509

үш  бөлмелі

5

74

4 766 381,14

0

542 732

бір  бөлмелі

5

136

1 812 846,06

0

397 021

үш бөлмелі

7

49

1 452 742,35

0

648 875

үш бөлмелі

10

5

4 231 274,01

0

966 872

үш бөлмелі

10

28

3 690 377,33

0

452 481

* Кепілдік төлем мерзімі өткен жалдау төлемдері, жалдау төлемдерін кешіктіргені үшін өсімпұл және мүлік салығы бойынша берешек болмаған жағдайда бірінші Жалға алушыға өтеледі. Мерзімі өткен жалдау төлемдері, жалдау төлемдерін кешіктіргені үшін өсімпұл және мүлік салығы бойынша берешек болған жағдайда, сома Кепілдік төлемнің жалпы мөлшерінен есептен шығарылады.

Сонымен қатар, Жалға алушыда мерзімі өткен жалдау төлемдері, жалдау төлемдерін кешіктіргені үшін өсімпұл және мүлік салығы бойынша берешек болмаған жағдайда, Жалға алушының жазбаша өтініші негізінде Кепілдік төлем мөлшері Тұрғын үй-жайды сатып алу арқылы жалдау шартының шартына сәйкес жаңа Жалға алушының атына аударылуы мүмкін.

Тұрғын үй-жайды сатып алу арқылы жалдау шарты бойынша құқықтар мен міндеттер құқықтарды басқаға беру шартын жасасу арқылы жаңа Жалға алушыға өтеді, бұл ретте жалдау мерзімі 13 жылды құрайды және негізгі шарт жасалған кезден бастап есептеледі.

Егер құжаттарды тапсыру құқығына ие болған Өтінім беруші жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша «Нұрлы Жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ көлік орындарын өткізу тәртібінде көрсетілген критерийлерге сәйкес келмеген, құжаттарды жарияланған мерзімде тапсырмаған не өтінімнің күшін жоюға әкеп соғатын іс-әрекеттерді (әрекетсіздікті) жасаған жағдайда, онда оның кезектілігі кезектілік бойынша келесі өтінім берушіге ауысады.

«Нұрлы Жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша жалға берілетін тұрғын үй бағыты бойынша тұрғын үй-жайларды сатып алуға мүдделі барлық тұлғаларға www.dom.fnsk.kz сайтында тіркелу қажет, бұл рәсімді өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін жүргізу керек. Сайтта тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет. Тіркеу жөніндегі нұсқаулықпен www.dom.fnsk.kz  сайтында танысуға болады.

Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Сығанақ кошесі, ғимарат 17/10, мекен-жайындағы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ-ның кеңсесіне жүгінуге болады.  Тел.: 8-7172-57-55-11, 8-7172-55-90-04;

Жұмыс кестесі: дс-жм: сағат  09:00-ден 18:30-ға дейін (үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін).

Сенбі-жексенбі- демалыс.

Төрағасының блогы