М. З. Айманбетов «Дорстройтрест» ЖШС директоры Е. М. Нұрабаевпен кездесу өткізді
2022 жылғы 4 мамырда «Samruk-Kazyna Construction» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) Басқарма Төрағасы М. З. Айманбетов «Дорстройтрест» ЖШС директоры Е. М. Нұрабаевпен кездесу өткізді.
Кездесу аясында Қоғамның Басқарма Төрағасына Нұр-Сұлтан қаласындағы Ш.Қалдаяқов және К. Әзірбаев көшелерінің қиылысындағы тұрғын үй кешенін іске асыру бойынша ағымдағы жағдай туралы ақпарат берілді.
Қазіргі уақытта жұмыс кестесі сақталуда, жұмылдыру жүргізілді. Нысанның толық дайындығы жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, инженерлік-геологиялық ізденістер жүргізілді, уақытша қоршаулар, ғимараттар мен құрылыстар орнатылды, құрылыс материалдары мен жабдықтарын жеткізуге келісімшарттар жасалды. Осылайша, жобаның қымбаттауы күтілмейді.